Негізгі бетКомпания туралыБіздің клиенттерБіздің серіктестер Қызмет түрлеріСала жайындаБізбен байланысГалереясы


Связь с Нами

Компания

  • RU
  • EN
  • KZ

Компания туралы

1998 жылы құрылған «Высотремстрой» ЖШС компаниясы мұнай-газ, энергетикалық, құрылыс, өндіру, өңдеу және басқа да индустрияның әртүрлі салаларында өнеркәсіптік альпинизм технологиясын қолдану арқылы құрылыс-монтаждау және жобалау-іздестіру жұмыстарын 10 жылдам астам уақыт атқарып келеді.

Компанияның мақсаты – негізгі қорларыңыздың сізге ұзақ және сапалы қызмет етуі.
­

  • Өз саласының көшбасшысы - Қазақстанның ірі кәсіпорындарында орындаған компания мамандарының жоғары кәсіби, соның ішінде бірегей істерінің растамасы:
  •  «Конденсат» АҚ «Конденсат» АҚ қолданыстағы факелдік қондырғыны зерттеу,
  •  қауырт мерзімде (2 күнде) көтергіш құрылымдар болмаған жағдайда Ақтөбе хромдық қосылыстар зауытының (H = 70 м) метал және керамикалық түтін шығаратын құбырын зерттеу
  • Балқаш пен Жезқазған мыс балқыту зауыттарының түтін шығаратын құбырларын осыған ұқсас жағдайларда зерттеу
  • Авиатехниканы қолданбай, тірексіз кеңістікте Текелі қаласындағы 90 метрлік түтін шығаратын құбыр бағанының авариялық 15 метрлік элементін бөлшектеу.

 
Сонымен бірге:

  • Сараптама жұмыстары және түтін шығаратын құбырларды сақтау, қайта салу жұмыстары: «СВЭК» ҚМК қазандары, АМӨЗ, Петропавловск, Ақтөбе, Атырау ЖЭО, Ақтөбе хром қосылыстар зауыты, Жамбыл ГРЭС, Арқалық ЖЭК, АТЗ, «Филип Моррис Казахстан» ААҚ;

  • Лисаковск ТӨК кептірілген концентрат қоймаларының резервуарлары; метал құрылымдарын мүжілуден қорғау: «Асфальтобетон» ЖАҚ, «Солодовенный завод Суффле Казахстан» ААҚ, Орталық стадионның (Астана қ.), «Өркен» ЖШС, МКӨҚ, АМӨЗ қондырғыларын;

  • Luxor объектісіндегі («Элитстрой» ЖШС) көтергіш құрылымдарды күшейту;
  •  Республика алаңындағы (Алматы қ.) «Алмалы» жерасты кешені шұңқырының апатты еңісін күшейту үшін сейсмикалық қауіпті аймақтағы топырақтың сипаттамасын есептеу;
  •  «Конденсат» АҚ факелдік қондырғыларының тартпа арқандарын ауыстыру;
  •  «Балхашцветмет»ӨБ діңгек басының қирау салдарын жоюмен авариялық түтін құбырын жөндеу.

Біз үшін объектінің Қазақстан картасында орналасуы ешқандай қиындық туғызбайды – біз әрдайым қысқа уақыт ішінде және күнделікті жұмысқа әзірміз әрі жылдамбыз. 

Алматы қаласында негізі салынса да, соңғы 5 жыл ішінде компания Қазақстанның 22 қаласында 167 келісім-шартты орындады.

Батыс және Орталық Қазақстанда да аймақтық өкілдеріміз жұмыс істейді. 

Жоғары деңгейдегі мобильділік жинақы жабдықтары бар мобильді бригадалардың құрылымдық-ұйымдастыру жұмыстарының өзгешелегі арқылы жүзеге асырылады. Бұл еліміздің кез-келген жерінде, сондай-ақ сыртқы нарықта мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік береді. 

Алыс орналасқан объектілерде жұмыстарды ұйымдастыруға өмірлік маңызы бар қажеттілердің бәрі кіреді (орналасу, тамақтану, көлік, медициналық тексерілу). 


 
design and technical support by BarVanet